ЭД9Э сериясымен шыққан ресейлік өнімнің техникалық және энергия үнемдеуі жақсартылған. Әрбір вагонда ауа тазалайтын жүйесі мен видеобақылау орнатылған. Көлік биылғы жылы алынған.
Ол Астанадан 18:40-та шығып, Павлодарға 00:50-де жетеді. Ал Павлодардан 9:29-да шыққан жолаушылар Астанада 15:30-да болады.
Жол жүру барыснда пойыз Ерейментау және Екібастұз стансаларында тоқтайды.
Электр пойызының қолайлы отыратын орындарымен 10 вагоны бар, олардың төртеуі — бірінші бірінші класқа жатады, 206 орын. Төртеуі — екінші класты — 204 орын, екеуі — үшінші класты — 194 орын. Бірінші және екінші кластағы вагондарда теледидар мен бар орнатылған.
Астанадан Павлодарға бірінші кластағы вагонмен бару құны — 1956 теңге, екінші кластағы вагонмен бару — 1822 теңге, үшінші кластағы вагон — 1514 теңге.