Өткен жылдың қазан айынан бері Қазақстанда орташа жалақы көлемі 12,1% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен жылдың қазан айынан бері Қазақстанда орташа жалақы көлемі 12,1% артты

Өткен жылдың қазан айынан бері Қазақстанда орташа жалақы көлемі 12,1% артты

Қыркүйек айында Қазақстандағы орташа жалақы көлемі 118 мың 730 теңгені құрады.

  • 24 Қазан 2014
  • 1079
Фото - Caravan.kz

Бұл 2013 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткіштен 12,1% артық.

Статистика комитетінің хабарлауынша, аталған уақыт аралығында жалақы нақты 4,4 пайызға өскен.

Салалық тұрғыдан алып қарағанда, ең жоғарғы жалақы кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру саласына тиесілі. Бұл сала қызметкерлерінің жалақысы аталған уақыт аралығында 2,1 есе артып, 254 мың 600 теңгеге жеткен. Кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет саласы 214 мың 700 теңге (1,8 есе), қаржы және сақтандыру қызметі саласы 193 мың 200 теңге (1,6 есе) жалақы төлейді.

Ең төменгі жалақы білім беру саласында. Мұғалімдердің орташа айлығы 72 мың 200 теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 39,2% кем.


Аймақтық тұрғыдан алып қарағанда, ең көп жалақы Маңғыстау облысында (232 мың 200 тг). Ең төменгі жалақы Жамбыл облысында (81 мың 100 тг).