астықтың жиналуына алаңдаушылық білдіріп отыр, өткен жылмен салыстырғанда биыл астық аз жиналады, деп болжам айтуда.
"Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы сарапшыларының айтуынша, орташа өнімділік гектардан 8-9 центнер болмақ, алдағы маусымда экспорт 3,5 млн тоннадан аса қоймайды". Астықтың басым бөлігінің сапасы төмен – 4-5 сыныпты (жемге қосатын бидай ), деп атап өтуде мамандар, делінген Кәсіпкерлердің ұлттық палатасынан таралған ақпаратта.
Қазақстанда 2013 жылы астық пен бұршақты дақылдардың өнімі бункерлік салмақта 20 млн тоннаны құрады, өңделгеннен кейінгі салмағы — 18,2 млн тонна.
Сарапшылар СҚО жағдайға алаңдауда, тәуелсіз сараптама көрсеткендей, онда бірқатар шаруашылықтар жарты астығынан айырылып қалуы ықтимал. "Баламалы талдау жүргізуге жергілікті атқарушы органдар мен профильді қауымдастықтардың берген мәліметтерінің өз ара қайшы болуы ықпал етті. Жергілікті органдар СҚО астық жинау деңгейін 87% деп көрсеткен, диқаншылар 50% (кей аудандарда 34%)" деп көрсетіпті", делінген ақпаратта.
Осы орайда ұлттық палата үкіметтен астық жинау туралы және оның сапалық көрсеткіштері туралы нақты деректер алу үшін шаралар қолдануды сұрайды.
Ұлттық палата тұқымның кем дегенде 500 тонна мемлекеттік ресурсын құрау үшін биыл бюджет қаржысынан ақша бөлген орынды деп санайды.
Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстан биылғы маркетингтік жылы (2014 жыл 1 шілде — 2015 жыл 30 маусым) ұнның бидай түріндегі эквивалентін ескергенде 80 млн тонна астық экспорттайды деп болжайды.