Өткен жылы әлемдегі миллиардерлер саны 7 пайызға өсті – зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен жылы әлемдегі миллиардерлер саны 7 пайызға өсті – зерттеу

Өткен жылы әлемдегі миллиардерлер саны 7 пайызға өсті – зерттеу

2013 жылы әлемдегі миллиардерлер саны 155 адамға артып, 2325-ке жетті.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Wealth-X компаниясы мен UBS банкі жүргізген зерттеулерге сілтеме жасай отырып Financial Times басылымы хабарлады.

Әсіресе, миллиардерлер саны Азияда көбейгені байқалады. Жиған-тергенінің жалпы сомасы 1 млрд доллардан асып-жығылатын 52 адамның 33-і Қытай азаматтары.

Бір жылда барлық миллиардерлердің қаражатының жалпы көлемі 12 пайыз артып, 7,3 трлн доллардан асқан.

Миллиардерлердің 571-і АҚШ-та, 190-ы Қытайда, 130-ы Ұлыбританияда, 123-і Германияда, тұрады. 775 миллиардер Еуропа елдерінің азаматы.