«Кейбір департаменттердің адамдарды қылмыстық жауапқа тартудың заңдылығын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруы аса алаңдаушылық танытады. Есеп берген кезеңде 72 адам заңсыз жауапқа тартылған. Әділеттілік үшін, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген 8 адамның үстінен қозғалған қылмыстық істің 3-ін прокуратура органдары және 4-ін ІІМ мен ҰҚК қозғағандығын атап өту қажет»,- деді С. Оңғарбаев.
«Сондай-ақ, біздің агенттік қызметкерлерінің кінәсінан 60 азаматтың конституциялық құқықтары бұзылған»,- деп нақтылап өтті ол.
«Кейбір тұлғалардың бірнеше позиция бойынша құқықтық статистикаға қамтылатынын ескеру керек: бұл заңсыз ұстау, заңсыз тарту және де сотқа дейін жеткен жағдайда заңсыз қылмыстық қудалау»,- деп жалғады өз сөзін Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының орынбасары. «Біз Бас прокуратураға егер бір адамның құқығы бұзылса, онда олардың заң бұзу нысандарының санымен бір мәре есепке алу қажеттігі жөніндегі ұсыныспен хат жолдадық»,- деп қосты ол.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің қозғаған қылмыстық істерді тексеру барысында ақталған азаматтар саны Алматыда (7 адам), Батыс қазақстан облысы (5 адам) мен Ақтөбе облысында (4) ең көп кездеседі.
«Сонымен қатар Жамбыл және Павлодар облысында қылмыстық іс бойынша алғашқыда заңды процессуалдық шешімдер қабылданып, келесіде біздің принципиалдық ұстанымдарымыздың салдарынан прокуратураның заңсыз нұсқамалары орындалып, қылмыстық іс сотқа жіберілген, онда айыпталушы не ақталған, не іс тоқтатылған»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті