Өзбекстан өзінің жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстанға сатуды күрт азайтты - Индустрия және сауда министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан өзінің жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстанға сатуды күрт азайтты - Индустрия және сауда министрлігі

Өзбекстан өзінің жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстанға сатуды күрт азайтты - Индустрия және сауда министрлігі

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Өзбекстан өзінің жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстанға сатуды күрт азайтты. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бишимбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Бізге мәлім болған ақпаратқа сәйкес, биыл былтырғы жылмен салыстырғанда Өзбекстаннан Қазақстанға әкелінген жеміс-көкөніс өнімдерінің көлемі 2,7 есе аз болса, құн тұрғысынан алғанда шамамен 2 есе аз», — деді Қ. Бишимбаев.

«Алайда бұл ресми статистика болғанымен, өнім мөлшерінің азаю ағымы байқалып отыр», деді ол. Вице-министрдің пікірінше, «бұл — Өзбекстанның Қазақстан нарығына қарағанда қымбат болып келетін Ресей нарығына артықша бағдар алуына байланысты».

Сонымен бірге, Өзбекстан жағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтетін тауар қозғалысын шектеуге белгілі бір қадамдар жасауда, деп қосты Қ. Бишимбаев. Оның айтуынша, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитетінің қызметкерлері шекара бөлімшелеріне шығып, ахуалға талдау жүргізген. Өзбекстаннан Қазақстанға бағытталатын тауар қозғалысын, әсіресе, жеміс-көкөніс өнімдерін шектеу оқиғалары расында да бар екен, деді вице-министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, «керісінше, Қырғызстанда өсірілген жеміс-көкөніс өнімдеріне қатысты ахуал бұдан мүлдем өзгеше». «Олар өз өнімдерін Қазақстанға сатудан мүдделі… бірақ онда шекаралық өткелдерге қатысты қиындықтар бар, өйткені, біздің кейбір шекаралық өткелдерімізде жеміс-көкөніс өнімдерін жедел өткізуге арналған жабдықтар жоқ», — деді ол.

Оның айтуынша, «Қазақстан аумағы арқылы қозғалу барысында олар көлік комитеті мен басқа да жол қозғалысын реттейтін органдар тарапынан жіті бақылауға және түрлі алымдарға душар болады», — деді министрлік өкілі.

Вице-министрдің айтуынша, республика үкіметі осы проблемаларды шешуге бағытталған шаралардың жоспары бар қаулы қабылдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті