Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді

Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді деп жаза

  • 19 Маусым 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді деп жазады centralasian.org.

Жиналыс барысында ол көп әйел алу жөнінде пікірін білдірді. Ол екінші әйел үшін неке рәсімін жасаған молдадар заң алдында жауап береді деді. Президенттің сөйлеген сөздері YouTube-та қызу талқыға салынып жатыр. Бұл жаңалықты ВВC арнайы да көрсеткен.

“Соңғы уақытта шариғат заңы бойынша екінші әйелге үйленіп жатқан оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе ресми тіркелмей, тек мешіттерде некесін қидыратындар Ташкентте өте көп. Екінші әйелден заңсыз туылған балалардың ертеңгі тағдыры қалай болады? Құрметті имамдар, мұндай балалар сіздердің арларыңызға сын”, — деп мәлімдеді Мирзиеев.

Өзбекстан президенті сонымен бірге азаматтардың ресми тіркеусіз некесін қиған имамдарды жауапқа тартатын заң қабылданатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар