Бұл туралы Саravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Өзбек олигархтарына қарасам, шетелде ұлттық нақыштағы мейрамханалар ашады, өзбек орталықтарын құрады және тағы басқа. Сәйкесінше, Өзбекстан мемлекетін ақырындап жарнамалай береді. Саналы түрде ма, жоқ па, өзбек олигархтары Өзбекстаннан тыс жерлерде жүрсе де тарихи отанына өз пайдасын тигізуде.
Бір ғана Әлішер Усманов қаншама ақша құйып, Самарқандты толығымен қайта қалпына келтіре жаздады, ондаған жаңа мектептер ашты, Өзбекстанға ақша құюды әлі де жалғастыруда. Ал оған ұқсайтындар дүние жүзінде көп. АҚШ пен Еуропада орасан зор капиталы бар өзбек олигархтары туған Өзбекстанды да ұмытпайды.
Ал, біз қандайбыз? Дәлірек айтсақ, біздікілер сондай ма?
Ал бізде туғаннан ондай сезім жоқ. Бізде таза тұтынушылық, жыртқыш инстинкт бар. Ақша жеп, ұшаққа отырып, ұрпақтарын Гарвард пен Кембриджге орналастырды, Еуропаның бір мемлекетінің астанасынан 8 бөлмелі коттедж сатып алды, болды. Өмір тамаша…
Бірде-бір отандық олигарх шетелде қазақ орталығын немесе қазақ мейрамханасын ашқан жоқ. Қазір билікке уын шашып жүрген бірде-бір оппозиционер тарихи Отаны үшін бір тиын да үлес қосқан жоқ. Әблязов, Храпунов және сол сияқтылар айғайлауға, айыптауға, арандатуға дайын, бірақ Қазақстан үшін қайырымдылық жасауға келгенде оларды таппай қаласың.
Жалпы, бұл бізделердің мемлекетшілдік сезімнің жоқтығының айқын көрсеткіші. Басқа елдерде олигархтар президентке риза емес шығар, бірақ олар өз елін жақсы көреді. Біздің «қайғылы байлар» биліктегі жұмсақ орнын жоғалтса болды Қазақстанмен байланысты барлық нәрсені жек көре бастайды. Өкінішке орай, бірінші кезекте Қазақстанның қарапайым халқы солардың интригаларының құрбанына айналуда"- деп жазды саясаттанушы.