"Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырына өрт салдарынан мұнай жіберілмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырына өрт салдарынан мұнай жіберілмей қалды

"Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырына өрт салдарынан мұнай жіберілмей қалды

АҚТАУ. 30 шілде. Kazakhstan Today. "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырына өрт салдарынан мұнай жіберілмей қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Шiлде 2007
  • 704
Фото - Caravan.kz

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, 30 шілдеде сағат 4-те диаметрі 1200 миллиметрлік «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының жаңадан тартылған 34-114 шақырымдағы бөлігінің 100-ші шақырымында жоспарлы жұмыстар кезінде өрт шықты. «Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мұнай құбырының тетіктері жабылып, мұнай жіберілмей қалды. Өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 15 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті