Жарияланды: 700

"Өзенмұнайгаз" ААҚ насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және диагноз қоюға арналған базаны пайдалануға берді

"Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның мұнайшылары Ресейлік Самара және Рязаньдық әріптестерімен бірлесіп тағы бір жаңа жобаны жүзеге асырды. Осындағы мұнайгаз басқармасының жанынан насостық-компрессорлық құбырларға арналған жөндеу-диагностикалық базасы пайдалануға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Базаның бастығы Қуанғали Қырымқұловтың айтуынша, аталмыш кешеннің бір артықшылығы сол, мұнда насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу және маркировка жасау жөніндегі технологиялық желі толықтай автоматтандырылған. Жөнделген құбырлар базадан мұнайгаз басқармасының жер асты ұңғыларын күрделі жөндеу бригадасы мен "Жөндеу" ЖШС-іне үздіксіз жіберіліп отырады. Әрбір ауысымда 120-130-ға дейін құбыр қалпына келтіріледі. Олар арнайы қондырғыда парафин-май және мұнай қалдықтарынан тазартылады. Бүгінде жөндеу-диагностикалық базасында 40 адам жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін