"Өзі қарақалпақ екен": Ернар Айдар Өзбекстандағы концертінде көзіне жас алды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзі қарақалпақ екен": Ернар Айдар Өзбекстандағы концертінде көзіне жас алды

"Өзі қарақалпақ екен": Ернар Айдар Өзбекстандағы концертінде көзіне жас алды

Әнші Ернар Айдар туған жері Өзбекстан еліне барып концерт берген.

  • 22 Мамыр
  • 12560
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде тараған видеода өнер иесінің туған жеріне 20 жылдан кейін ат басын бұрғаны жазылған.

«Ернар Айдар туған жерінде концерт беріп жылап қалды. 20 жылдан кейін туған жеріне келді», — делінген желіде тараған видеода.

Желі қолданушылары әншінің ұлтына қатысты түрлі пікірлер жазуда.

«Өзі қарақалпақ екен», «Өзбекстанда қазақтар көп қой», «Жылаттыңыз ғой», «Мынау қарақалпақ па, жақсы көрмей қалдым ғой», «Бұл бала өзбек болды ғой», «Өзбек болса да өлеңді таза қазақша айтып тұр ғой», — деп жазды олар.

Бұған дейін әнші өзінің Өзбекстан Республикасы, Новои облысы, Кенимих ауданы, Соркөл ауылының тумасы екенін, және туған жерінде Әйтике би бабамыздың 380 жылдығына орай арнайы концерт беретінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар