Өзім үзілейін деп тұрмын - Ерке Есмахан
![]() |
Сұранысқа ие Ерке Есмахан Павлодар өңірінде мектеп бітірушілермен ән шырқады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Маусымның басы дегеніміз -мектеп бітіруші түлектер үшін үлкен өмірге қанат қағу деген сөз. Әр талапкерге сәт сапар тілеймін! Мақсатқа жетіңіздер, жігерлі жастар!
Павлодардың ашық аспаны астында терлеп, шыбын-шіркей, масалармен бірігіп ән шырқап тұрған кезім ғой.
Болашақ студенттер "Қайданы" сұрап, саxнаға көтеріліп, бәріміз бірігіп шырқадық.
Таңертеңнен бері шаштарын әсемдеп, беттерін әрлеген қыздар бірі-бірінен өткен сондай сұлу!!!
Жігіттердің білегінің күштілігін-ай, мені былай тартып, былай тартып ұшырып жібере жаздады. Өзім үзілейін деп тұрған арық қызбын ғой...
Кімнің үйінде жас түлек бар?", деп жазды желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін