Өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Ақтөбеде 21 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің екінші қабатынан секіріп кетті. Ол өзін зорламақ болған ер адамнан осылайша қашып құтылмақ болған.

Оқиға 13 қазанға қараған түні ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлады керек.инфо.

  • 19 Қазан 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz


 Жалдамалы пәтерлердің бірінде болған қызды коммуналдық саладағы кәсіпорындардың бірінің қызметкері зорламақ болады. Ер адамнан қашқан бойжеткен екінші қабаттан секіріп кеткен.
— Бойжеткен бізге 13 қазан күні таңғы сағат 8-дер шамасында түсті. Тексеруден өтті. Омыртқа жотасы сынып, табанынан жарақат алған. Қан құрамынан ішімдік анықталды. 17 қазан күні ол өз бетімен ауруханадан шығып кетті,-дейді теміржол емханасы директорының орынбасары Гүлмира Құлжанова

Соңғы жаңалықтар