Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлерге 560 мың тонна астық жеткізу қажет - Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлерге 560 мың тонна астық жеткізу қажет - Есімов

Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлерге 560 мың тонна астық жеткізу қажет - Есімов

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа астық түсімі алынбайынша, нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлерге 560 мың тонна астық жеткізу қажет. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Өзін-өзі астықпен қамтамасыз ете алмайтын Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларына 560 мың тонна астық жеткізу қажет», — деді ол. Еліміздің ауылшаруашылығы министрі облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне «астық жеткізу жөніндегі меморандумға қол қою жұмыстарын қамтамасыз етуді» сұрады.

Министр жалпы алғанда елімізде нанның бағасының тұрақтылығы сақталып оытрғанын атап өтті. «Бұл ретте жергілікті жерлерде құрылған астықтың тұрақтандыру қорлары оңды әсерін тигізді», — деді министр. Сонымен бірге А. Есімов дүниежүзінде белең алған азық-түліктік бидайдың тапшылығы Қазақстан астығына деген сұранысты өсіріп жібергенін, соған сәйкес оны экспорттау көлемінің ұлғая түскенін атап өтті. «Өңірлерді астықпен қамтамасыз ету мәселесі біз үшін өзекті күйінде қалып отыр», — деді ауылшаруашылығы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті