Жарияланды: 6900

"Памперсін алсам, қан ағып тұр екен": Алматыда туған әкесі үш айлық сәбиін зорлаған

"Памперсін алсам, қан ағып тұр екен": Алматыда туған әкесі үш айлық сәбиін зорлаған

Adil қайырымдылық қорының жетекшісі Оксана Маралова Алматыда үш айлық сәбидің зорланғанын хабарлады.

Бұл туралы ол Экспресс К басылымына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біз оны жеке клиникаға апардық. Ол жерде ота жасалды, біз төрт ай ауруханада болдық. Оны жаңа әкелген кезде памперсін ауыстыратын кезде сәби айқайлай бастады. Отадан бұрын мен оның зорланғанын білдім. Сәбидің жыныс мүшелері табиғи емес формаға ие болған және алдымен бұл геморрой деп ойладық. Бірақ, белгілі болғандай, сәби зорлыққа ұшыраған. Табиғи емес формасы оның мүшелері жыртылып, бәрі қалай болсын, солай жазылып кеткенін білдіреді" — деді Оксана. 

Бір жылдан астам уақыт өтті, ал зорлаудың салдары кішкентай сәбидің тыныш өмір сүруіне жол бермей отыр, дегенмен ол қазір Оксанамен бірге тұрады және оның толық қамқорлығында.

Кейін, сәбидің анасы табылып, ол барлық мән-жайды айтып берді.

"Маусым айында, ол маған қоңырау шалды. Мас. Ол маған былай деді: "Саған не айтқым келетінін білесің бе? Мен біздің қызды зорладым", - деді. Мас болған кезінде мойындады. Ал келесі күні олай деп айтпадым деп, мойындамады", - деді Вера.

Сондай-ақ ол сәбидің зорлыққа қалай ұшырағанын да айтып берді.

"Памперсін алсам, қан ағып жатыр екен. Саша алдымен сұқ саусағын сол жерге, одан кейін үлкен саусағын салған көрінеді. Не үшін? Білмеймін. Ол маған ол жерде шаш тұрды деді", - деп жауап берді сәбидің анасы Вера Безлюдко.

Қазіргі уақытта еріктілер медициналық құжаттарды алуға тырысуда. Вера полицияға қызының зорланғанын дәлелдегісі келетінін айтады.

"Өткен жұмада мен оның үстінен арыз түсірдім. Оксана мені дұрыс түсінбеген сияқты, мен басынан ақ оның үстінен арызданбақ болғанмын. Бір рет жасаған адам, оны екінші рет қайталайды, — деді Вера.

Вера енді Александрмен бірге тұрмайды. Тұрмағандарына бір жылдай уақыт өткенін айтады. Олардың екіге айырылуларына бұл жағдай себеп болмаған. "Бір күні мен оған кір машинасы мен азық-түлік ал дегенмін. Ол "жарайды", - деді де сол кеткеннен мол кетті", - деді Вера.

Вераның сөздерінен қорқыныш, ашу мен ыза, өкініш белгісі байқалмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін