Пантеон құрылысына қарсы шыққан Телібеков тірілерді жарылқауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пантеон құрылысына қарсы шыққан Телібеков тірілерді жарылқауға шақырды

Пантеон құрылысына қарсы шыққан Телібеков тірілерді жарылқауға шақырды

Өлілерді емес, тірілерді жарылқауымыз керек! Осылай деген Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков Астанада қоғам қайраткерлері жерленетін Ұлттық қорымның салынуына қарсы шықты. Айтуынша, бұл ел бюджетін оңды-солды шашу.

  • 24 Қазан 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz


Мұрат Телібеков, Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы:

-Осындай жобаны шығарған шенділерді жазалау керек. Бұл деген нағыз қылмыс. Қарамайсыңдар ма қазір көшеде мыңдаған адам үйсіз, жұмыссыз жүр. Ауылда аш отырған балалар бар.

Сондықтан Телібеков қазақ элитасына арнап зират тұрғызудың қажеті жоқ деген пікірде. Ал, егер шындығында ел үшін қызмет қылған азамат болса, оны ұлттық қорымға жерлемей-ақ есімі тарихтан ойып тұрып орын алатынына сенімді. Мұсылмандар Одағының төрағасы осы айтылғандарды жіпке тізіп, кеше ғана тағайындалған Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке хат жолдап қойды. Айта кетсек, тау тұлғаларға арналатын пантеонның құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған. Өткенде ғана оны салу үшін қазынадан 1 миллиард тенге бөлінгенін хабарлағанбыз. Орны да белгіленіп қойды. Пантеон әзірге бой көтермесе де, сол зиратта Мәжілістің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов, Сара Назарбаеваның інісі Саяхат Қонақаев пен ақын Фариза Оңғарсынованың денесі жатыр.