"Пара алатын, адам тағдырын шешетін судьяларға 20 жыл беру керек" - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пара алатын, адам тағдырын шешетін судьяларға 20 жыл беру керек"

"Пара алатын, адам тағдырын шешетін судьяларға 20 жыл беру керек"

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек судьяларға қатысты өз ойын айтты.

  • 29 Қазан 2020
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Судьялар “БАҚ өкілдері соттарға қысым жасайды” деп , Президентке шағым айтқан дейді ме?

Пара алып адам тағдырларын шешетін судьялар тұрғанда, БАҚ өкілдерінің араласқаны дұрыс, сот процесстеріне!

Судьялар әділ болғанда ғана, БАҚ араласпайды!


Ал біздің елде, шешім түгілі, әр ұйғарымы үшін ақша алатын судьялар бар!

Неге пара алған судьяларға бес ақ жыл берген?Әділдік қайда?

Пара алатын, адам тағдырын шешетін судьяларға 20 жыл беру керек!

Сол кезде ғана судьялар ойланады", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар