Пара алып жатқан сәтінде тағы бір шенеунік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алып жатқан сәтінде тағы бір шенеунік ұсталды

Пара алып жатқан сәтінде тағы бір шенеунік ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында моноқалаларды дамыту бағдарламасы арқасында байымақ болған шенеунік ұсталды. Кручатов қаласы әкімдігінің бөлім бастығы кәсіпкерлікті дамытуға берілетін несиені беру үшін жергілікті бизнесменнен 300 мың теңге талап еткен.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Қаладағы құс өндірісін дамытпақ болған кәсіпкер әкімдікке құжаттарын тапсырыпты. Ал жауапты бөлім бастығы келісімге қол қою үшін 3 млн теңгенің 10 пайызын өзіне беруді талап еткен. Бұған көнбеген кәсіпкер қаржы полициясына арыз түсірген. Сөйтіп келісілген соманы өз кабинетінде санап отырған шендінің қолына кісен салынды. Келісімін 300 мың теңгеге бағалаған күдікті қазір абақтыда отыр.