Парацетамол мен Ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парацетамол мен Ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

Парацетамол мен Ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды.

  • 6 Шiлде 2020
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау керек", — деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатын айтты.


Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты дене қызуын түсіретін дәрілер тапшылығы туындады.

Бұл мәселені президент денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар