Жарияланды: 590

Парижде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Х. Соланамен кездесу өткізді

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Парижде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 17 қыркүйекте Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Х. Соланамен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар халықаралық қатынастардың маңызды қырларын нақтырақ айтқанда Орталық Азия қауіпсіздігі оның ішінде Ауған мәселесі жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде Х. Солана Қазақстан Республикасы басшылығына Ауғанстанды қайта қалпына келтіруде қолдау көрсету бағдарламасы үшін алғысын білдірді. Қазақстанның сыртқы істер ведомтвосы басшысы әріптесін жақында қабылданған "Европаға жол" атты мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар М.Тәжин ЕО жоғары өкілін қазан айында Астана қаласында өтетін "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы алға басу" атты форумға қатысуға шақырды. Кездесу аясында дипломаттар еліміздің Әлемдік сауда ұйымына кіру мәселелерін қарастырды. Сол күні Марат Тәжин сыртқы істер министрлері деңгейіндегі " ЕО үштігі - Орталық Азия" форматындағы кеңеске қатысып, 2007-2013 жылдарға арналған "ЕО және Орталық Азия мемлекеттері жаңа серіктестігі стратегиясының" жүзеге асу барысы турасында қатысушылармен пікір алмасты. ЕО стратегиясының жүзеге асырудың нақты жолдарын анықтау мен қарастыру Кеңестің басты мақсаты болып табылды. Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форматындағы бірінші кездесу өткен жылы көктемде Қазақстан астанасында өткені және сол кездесудің ЕО және Орталық Азия елдері қатынастарының жаңа кезеңінің басталуында айрықша маңызы бар екендігіне кейінгі жағдайлар дәлел бола алады. 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕО төрағалық еткен ГФР бстамасымен сол жылдың 23 маусымда өткен ЕО Кеңесінде ЕО мен Орталық Азия мемлекеттері серіктестігінің 2007-2013 жылдарға арналған жаңа серіктестік стратегиясы бекітілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін