Париждегі ереуіл Еуро-2016 футбол чемпионатының өтуіне кедергі болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі ереуіл Еуро-2016 футбол чемпионатының өтуіне кедергі болуы мүмкін

Париждегі ереуіл Еуро-2016 футбол чемпионатының өтуіне кедергі болуы мүмкін

Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына екі-ақ күн уақыт қалғанда Парижде көтеріліс басталды. Бұл жолы теміржолшылар ереуіл ұйымдастырды. Ал олардың ізін ала метро қызметкерлері мен Air France ұшқыштары да көшеге шықпақ.

  • 8 Маусым 2016
  • 312
Фото - Caravan.kz

Кесте бойынша қазір Францияда пойыздардың тек 60%-ы ғана халыққа қызмет көрсетуде. Қалааралық пойыздар мен жүрдек локомотивтердің тоқтап тұрғанына бір апта болды. Ереуілге шыққан теміржолшылардың кесірінен Париждің онсыз да тар көшелерінде қатынас тіптен қиындады. Егер теміржолшылар мен Үкімет еңбек заңнамасы бойынша өзара келісімге келмесе, ереуіл ұзаққа созылатын түрі бар. Францияның ескі еңбек заңнамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару мүмкін емес еді. Ал ел билігі еңбек реформасын жүргізіп, бірқатар тәртіпті алып тастамақшы. Шамадан тыс жұмыс істегені үшін де төлемақыны азайтпақ.

Клаус, Париж тұрғыны: — Француздар ереуілдің көмегімен өз ойларын білдіргенді жөн көреді. Бірақ бұл әрекетке елдің экономикасын құлдырату үшін бармайды. Олар шыныменде өздерінің жұмыс орындары мен жалақыларын сақтап қалғысы келеді. Сондықтан наразылық шеруін дұрыс шешім деп есептейді. Еңбек реформасына Air France ұшқыштары да қарсы. Олар өздерінің әуе кемесін түнгі уақытта басқарғаны үшін қосымша ақы төлемейтіндігіне наразы. Бұған қоса ұшқыштар жұмыс орнымыздың сақталуы екіталай деп алаңдайды. Сондықтан заң жүзінде қандай жағдай болмасын жұмыспен қамтуды сұрайды.

Патрик, Париж тұрғыны: — Әдеттегі жағдай ғой. Бір реформа пайда болғаны сол еді, кәсіподақтар ереуіл ұйымдастырып, үкіметтің алқымынан алып, шыға келеді. Бәрі тоқтап қалса, зардабын халық тартады. Егер үкіметпен келіссе, пайдасын тек ұшқыштар көреді. Олардың еңбек етуі үшін онсыз да басымдықтар берілген. Сондықтан наразылық білдірушілердің шартына жығылмау керек. Сарапшылардың айтуынша, Air France ұшқыштары ереуілге шықса, басталуына үш-ақ күн қалған Еуропа футбол чемпионатына кедергі етуі әбден мүмкін. Матч ірі 10 қалада өтетіндіктен, жан-жақтан келетін жанкүйерлердің қозғалысы қиындайды.



 

Соңғы жаңалықтар