Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады
![]() |
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады. |
Осыған орай төменгі палата депутаттары сенаторлар енгізген өзгерістерге келісім беріп, құжатты қабылдады.
Еске сала кетейік, Парламент Сенаты бюджетті қарау барысында 74 түзету енгізген болатын. Оның ішінде 58 түзету 2013 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жалпы сомасы 40 млрд. 853 млн. теңгеге қайта бөлуді көздеген еді. Осыған орай сенаторлар Үкімет резервінің қаражатын 40 млрд. 807 млн. теңгеге қысқартқан болатын. Бұдан бөлек Парламенттің шаруашылық басқармасының шығыстары 13 млн. теңгеге, Жоғарғы сот шығысы 33 млн. 281 мың теңгеге қысқартылған болатын.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін