Парламент Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "ҚР үкіметі және Армения үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 322
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімнің ережелерінде екі жақты қарым-қатынаста халықаралық автотасымалға рұқсат алмау жүйесін енгізу және тарап-мемлекеттің аумағы арқылы транзитті өтуге, сондай-ақ, үшінші елдерге тасымал жасау қарастырылған.

Келісімге 2006-жылдың 6-қарашасында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті