Парламент арнаулы экономикалық аймақ туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент арнаулы экономикалық аймақ туралы заңды  қабылдады

Парламент арнаулы экономикалық аймақ туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Арнаулы экономикалық аймақ туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып президенттің қол қоюына ұсынылды.

Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасы арнаулы экономикалық аймақтың құқықтық режимін, сонымен қатар арнаулы экономикалық зонаға қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді реттейді. Заң жобасының нормаларымен арнаулы экономикалық аймақ құру, оның жұмыс істеуі және тарату тәртібі белгіленеді. Сонымен қатар, заң жобасының нормалары аталмыш заңның күшіне енгенге дейін құрылған арнаулы экономикалық аймақтарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, депутаттар «Арнаулы экономикалық зоналар іс-қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Салық және Жер кодекстеріне түзетулер енгізеді және арнаулы экономикалық аймақтар аумағындағы жер телімдерін пайдаланудың төлемдері мен есептеулер тәртібін реттейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті