Парламент ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

Парламент ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

АСТАНА. 2-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтері арасындағы азаматтардың визасыз жүріп-тұруы туралы 2000-жылдың 30-қарашасындағы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заңның жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 449
Фото - Caravan.kz

Хаттама шарттарына сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасында визасыз қатынау тәртібі сақталған жағдайда қоғамдастық елдерінің аумағында азаматтардың қатынауына қажетті құжаттардың біртұтас тізімі енгізілмекші.

Мәселен, азаматтықты растайтын және жеке басты куәландыратын құжаттарға төлқұжат, шетелдік төлқұжат, қызмет бабындағы және дипломатиялық төлқұжаттар, теңізші төлқұжаты (теңізшінің ұлттық жеке куәлігі) мен азаматтығы бар елге қайтуға берілетін куәлік (құжат шетелде жоғалып кеткен жағдайда беріледі) жатады.

Хаттама Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтері арасындағы 2001-жылдың 6-желтоқсанындағы азаматтардың визасыз жүріп-тұруы туралы келісімнің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Келісімге қосымша хаттамаға 2005-жылдың 24-наурызында Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті