Парламент халықты еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға түзетулер енгізу жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент халықты еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға түзетулер енгізу жобасын мақұлдады

Парламент халықты еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға түзетулер енгізу жобасын мақұлдады

Парламент бүгінгі жалпы отырысында "Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

  • 9 Маусым 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Еңбек және халықты әдлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова аталмыш құжат еңбек рыногының тиімділігін арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз және өздігінен жұмыс істеп жүрген адамдарды жемісті еңбек етуге ықпал ететін белсенді бағдарламаларға тарту, асыраушылықты жою мақсатында ынталандырушы ақша төлемдеріне өту және еңбекке жарамсыздар мен аз қамтылғандарға әлеуметтік көмек беру жөніндегі президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін бұрын мәлімдеген болатын.
«Осы орайда үкімет «2020 жылға дейінгікезеңге арналған еңбекпен қамту бағдарламасын» қабылдады. Бұл бағдарлама шеңберінде осы заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Халықты еңбекпен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі», деген болатын министр.
Министрдің айтуынша, бұл заңның қабылдануы әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыруға бағытталған нормативтік құқықтық негізді нығайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықтың табысын, аз қамтылған, жұмыссыз, өздігінен тіршілік етіп жүрген тұрғындардың, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын жастар мен әйелдердің еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар