Парламент Конституцияға Қазақстанның бірінші президентінің өкілеттілігі мерзімі шектелмейтіндігі туралы түзету енгізуге дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Конституцияға Қазақстанның бірінші президентінің өкілеттілігі мерзімі шектелмейтіндігі туралы түзету енгізуге дауыс берді

Парламент Конституцияға Қазақстанның бірінші президентінің өкілеттілігі мерзімі шектелмейтіндігі туралы түзету енгізуге дауыс берді

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Парламент Конституцияға Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігінің мерзімі шектелмейтіндігі туралы түзету енгізуге дауыс берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2007
  • 707
Фото - Caravan.kz

Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Ата заңының 42-бабының 4-тармағындағы «бір ғана адам Қазақстан Республикасының президенті болып екі мәрте қатарынан сайлана алмайды» деген тұсының құзыры бірінші президентке қатысты жүрмейді деген ұсыныс енгізді.

«Комиссия бірінші президентке екі мәрте қызмет атқаруға өкілеттілік берумен шектеуге болмайды деген ұсынысты қолдады»,- деп мәлімдеді қос палатаның бірлескен отырысында екі палатаның біріккен комиссиясының жетекшісі, сенат депутаты Ермек Жұмабаев.

Бұл ұсынысты парламенттің қос палатасы депутаттарының басым бөлігі қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті