Парламент мәжілісінің төрағасы Египеттің консультативтік кеңесінің спикерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісінің төрағасы Египеттің консультативтік кеңесінің спикерімен кездесті

Парламент мәжілісінің төрағасы Египеттің консультативтік кеңесінің спикерімен кездесті

Египет. 30 қаңтар. Қазақстан Бүгін - Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин Египетке ресми сапары барысында Египеттің консультативтік кеңесінің спикері Мұхамед Сафуат әл -Шерифпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қыдметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 354
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин: «Тараптар әрқашан өз саяси еркіндіктері мен достық қарым-қатынастарын дамытуға мүдделіліктерін танытып отырады. Біз Таяу шығыстағы көпжылғы мәселелердің шешімін жедел табудағы Египеттің рөлін жоғары бағалаймыз»,- деді өз сөзінде.

Мұхамед Сафуат әл-Шериф Қазақстанның Шығыс пен мұсылман әлемі арасын жақындастырудағы ерекше орнын атап өтті. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан халықаралық қауіпсіздіктің іргесін бекітуге бағытталған көптеген бейбітшіл бастамаларға тұрақты жол салып келеді. Египетте ғасырлар бойы жүздеген этностар мен мәдениеттер өзара байланысып өмір сүріп келе жатқандықтан көптеген ұлттардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан бүгінгі Қазақстанның жанына жақын екенін айтты.

Қазақстандық парламенттік делегацияның басшысы сұхбаттасының көңілін Қазақстан Парламентінің демократиялық құндылықтарына аударып, екі жақты бірлесіп қызмет жасау шеңберінде сындарлы сұхбатқа әзір екендіктерін жеткізді.

«Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық беделді ұйымдармен, атап айтқанда ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, тағы да басқа ұйымдармен бірлескен мол тәжірибесі бар. Келешекте Ислам Конференциясы Парламенттік Одағы Ұйымымен де арада жақсы қарым-қатынас орнататынына сенімдімін»,- деді кездесуді қортындылады Аслан Мусин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті