Бұл заң Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс пен «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң нормаларын кеше қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіруге бағытталған.
Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын 167-ші баптың жаңа редакциясы енгізілген.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті