Парламент мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Парламент мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттің экономика саласындағы мүддесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы стратегиялық нысандарды мемлекет тарапынан тиімді қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған», — делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Құжатпен Азаматтық кодекске, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Акционерлік қоғам туралы» және басқа да заңдарға толықтырулар енгізіледі.

Атап айтсақ, Азаматтық кодекске «стратегиялық нысандар» деген ұғым енгізіліп, стратегиялық нысандарға жатқызылатын мүліктердің түрлері айқындалып, жеке меншіктегі немесе сатылатын стратегиялық нысандарды сатып алуда ҚР үкіметіне артықшылық беру құқығы заңдастырылады. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңға енгізілетін толықтырулар ҚР үкіметіне стратегиялық нысандардың тізімін жасауға, стратегиялық нысандарға қатысты комиссиялар құруға, жеке немесе заңды тұлғаларға қарасты стратегиялық нысандар бойынша азаматтық-құқықтық сауда-саттықтар жасауға немесе оған рұқсат бермеуге шешім қабылдау өкілеттілігін береді.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті