Парламент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 13 Наурыз 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

Аталмыш құжатқа сәйкес заңдастыру шараларын жүргізу мерзімі 2007 жылдың 1-тамызына дейін, ал заңдастырылған мүлік құқығын рәсімдеу мерзімі — 2007 жылдың 1-қарашасына дейін ұзартылады.

Заң мемлекет басшасына қол қоюға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң 2006 жылдың шілде айынан бері қолданыста. Бастапқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін созылады деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.

2007 жылдың 6-наурызындағы жағдаймен республикада заңдастырылған мүліктің жалпы бағасы 193,6 млрд теңгені, немесе 1,55 млрд АҚШ долларын құраған. 918 494 жылжымайтын мүлік нысандары заңдастырылған, олардың 780 735 — тұрғын үй, 209 759 нысан — тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті