Парламент "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді  мақұлдады

Парламент "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бүгін өткен бірлескен отырысында депутаттар "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Маусым 2007
  • 3375
Фото - Caravan.kz

Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының төрағасы Иоганн Меркельдің түсініктемесіне сәйкес, «бірлескен комиссия қабылдаған түзетулердің басым бөлігі редакциялық және нақтылау сипатында және олар заң жобасы нормаларын заңгерлік техникамен сәйкестендіруге бағытталған». Сонымен бірге, И.Меркельдің айтуынша, комиссия депутаттардың парламент іс-қызметінен хабар тарататын мерзімді басылым құру туралы, сондай-ақ, парламенттің бұрынғы депутаттарының әлеуметтік қамтамасыздығына қатысты ұсыныстарды қабылдамай тастады.

Сенатор парламент депутаттарының егер парламенттің өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқтаса және олар келесі сайлауда қайта сайлана алмай қалған жағдайда депутаттарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс енгізген болатын. Бұған қоса бұрынғы депутаттарға 24 лауазымдық жалақы көлемінде бір мәрте жәрдемақы төлеу ұсынылған. Сонымен бірге бұрынғы депутаттар үшін айрықша зейнетақы қамтамасыздығын белгілеу ұсынылды. «Комиссия бұл ұсыныстарды қабылдаған жоқ, ал түзету авторлары оны кері қайтарып алды»,- деді И.Меркель.

Сөйтіп бүгіән заңды екінші оқылымда қабылдау жөніндегі шешім үшін мәжілістің 67, сенаттың 33 депутаты дауыс берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын парламетнте таныстырған әділет министрі Зағипа Балиева түзетулердің заң нормаларын Конституцияға сәйкестендіру және оның жекелеген нормаларын жүзеге асыру мақсатында жасалғанын атап өтті. Атап айтсақ, парламент депутаттарының санына қатысты өзгерістер енгізілді. Мәселен, снеатты әрбір облыстан және республикалық маңызы бар қала мен астанадан өкілеттілік алған депутаттар құрайды. Ал сенаттың 15 депутатын республика президенті тағайындайды. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і бүкілхалықтық, тең әрі тікелей сайлау құқығымен құпия дауыс беру арқылы сайланса, 9-ын Қазақстан халқының ассамблеясынан сайланады.

Сонымен бірге, «парламент палаталарының төрағаларының құзыреті нақтыланған». «Мәселен, парламент палаталарының төрағалары палаталарға Конституциялық кеңестің екі, Орталық сайлау комиссиясының екі, Есеп комитетінің үш мүшесін тағайындауға ұсынады. Парламент палаталарының төрағаларының екі орынбасары болмақ»,- деді З.Балиева.

«Саяси партиялардың фракцияларының ролін арттыру мақсатына сәйкес, заң жоабсында белгіленгендей, мәжіліс бюросының құрамына фракциялардың жетекшілерін енгізу, фракциялар тек қана мәжілісте құрылатындықтан және мәжіліс негізінен партиялық тізім бойынша құрылатындықтан «фракция» ұғымына жаңа анықтама берілді»,- деді министр.

Сонымен бірге енгізілетін өзгерістермен «заң жобасында заңнамалық бастама көтеру құқығы бар тұлғалардың саны ұлғайтылып, конституциялық заңдардың жобаларын қарау тәртібі мен президенттің заңдарға қатысты келіспеушілігін қарау процедурасы бұл мәселені парламент палаталарында жеке қарау шартымен айқындалады».

«Сонымен қатар заң жобасында парламент депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртіптері айқындалған. Заң жобасымен парламент сенаты тарапынан заңды қабылдау, соның ішінде, мәжіліс таратылған жағдайда конституциялық заңдарды қабылдау мәселелері реттелген»,- деді З.Балиева.

«Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасы президенттің қорл қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті