Парламент Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімді бекітті

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғызстан Республикасы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Наурыз 2008
  • 506
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң жобасы қабыллданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаттың баспасөз қызметі таратқан құжатқа сәйкес, депутаттар заң жобасының мемлектетік тілдегі мәтініне редакциялық түзетулер енгізген.

«Келісімге мемлекеттік шекарада «бір аялдама» принципі бойынша бақылау тиімділігін қамтамасыз ету және екі мемлекеттің тауарлар мен транспорттың шекара арқылы қозғалысы мен жеке тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде мемлекеттік шекарадағы қадағалаушы органдар арасындағы ықпалдастығын күшейту үшін қол қойылған», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімде бірлескен өткізу бекеттерін құру, олардың бәрін жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету, шекарадан өтетін жеке тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдарын бірлесе бақылау қарастырылған.

«Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы бақылау процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік жасап, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасайды», -делінген қорытындыда.

Келісімге 2006 жылдың 4 шілдесінде Астанада қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті