Парламент Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіретін халықаралық келісімшарттарды бекітуге тыйым салатын заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіретін халықаралық келісімшарттарды бекітуге тыйым салатын заңды қабылдады

Парламент Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіретін халықаралық келісімшарттарды бекітуге тыйым салатын заңды қабылдады

Бейсенбі күні сенат депутаттары «Қазақстан республикасының халықаралық келісімшарттар мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz


Заң шығару тәртібіне сәйкес, парламент тарапынан толық қабылданған құжат елбасының қол қоюына беріледі.

Құжат халықаралық келісімшарттар саласындағы заңдарды жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, ол «Қазақстан республикасының халықаралық келісімшарттары туралы» заңдарында Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келмейтін, елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе республиканың егемендігінен айырылуына ықпал ететін халықаралық келісімшарттарды бекітуге жол бермейтін нормалардың енгізілуін қамтамасыз етеді.