Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің басты мақсаты — екі елдің шекаралық аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптерін жеңілдетуге саяды.
Жаңа құжатқа сәйкес, «шекаралық аумақтардың тұрғындары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадан осы өңірде тұру дерегін растайтын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы өткізу бекеттерінен өтеді».
Келісімге 2006-жылдың сәуір айында Оралда қол қойылды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті