Парламент шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салуға және Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімдегі Қазақстан үлесін азайтуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салуға  және Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімдегі Қазақстан үлесін азайтуға  мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Парламент шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салуға және Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімдегі Қазақстан үлесін азайтуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Бүгін, 27-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу және Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімдегі Қазақстан үлесін азайту туралы өзгертулер енгізу жөніндегі "Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасына сенаторлар енгізген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 27 Қараша 2003
  • 672
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Татьяна Мужчильдің түсініктемесіне жүгінсек, сенаттың түзетуі бойынша «жалпы өндірілген өнім көлемінде өнімді өндіру сатысынан бастап салынған инвестицияны қайтадан кері қайтарғанға дейінгі Қазақстан бөлісетін өнім үлесін заң жобасында көрсетілгендей 30 проценттен 20 процентке дейін азайту» ұсынылды.

Сондай-ақ, сенат тарапынан енгізілген түзетуге сәйкес, Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім шартына сәйкес мұнай кенішін игеру құқығына ие болған инвесторларды , олар елімізде мұнайхимиясы өнеркәсібіне қарасты өндірістер салған жағдайда, бұл кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бастап 5 жыл мерзіммен корпоративтік кіріс салығынан босату қарастырылған. «Бұл өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қоюға негіз болатын басты шарт болады»,- деді ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, бүгін сенаторлардың ұсынысымен заң жобасына мұнай химиясы өнеркәсібіне 30 млн. доллардан кем емес мөлшерде инвестиция енгізген инвесторларға кіріс салығынан жеңілдіктер қарастырылған жаңа норма енгізілді.
Регламентке сәйкес, «Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң қабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар