Парламент техникалық қызмет бойынша Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент техникалық қызмет бойынша Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті

Парламент техникалық қызмет бойынша Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы техникалық қызмет бойынша және материалдық-техникалық қамтамасыздық саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2007
  • 300
Фото - Caravan.kz

«Бұл меморандум мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлантикалық альянстың материалдық-техникалық қамтамасыздық және қызмет көрсету, сондай-ақ, атыс қарулары мен оқ-дәрінің артық бөлігін жою саласындағы ынтымақтастық үшін базалық негіз болып табылатын негіздемелік құжатқа жатады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, меморандум ережелерін жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың келешегі бар салаларын айқындау жұмыстары жүргізілді. «Бұлар зымыран отынының құрамды бөліктерін пайдалы жарату, жарылмаған снарядтарды сақтау орындарын (464 гектарға жуық) тазарту, атыс қарулары мен оқ-дәрілерді жою (тиісінше 27300 және 2,5 млн дана) секілді бағыттар»,- делінген қорытындыда.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан үшін Солтүстік Атлантикалық альянстың «Бейбітшілік үшінгі ынтымақтастық» бағдарламасының сенім қорынан қайтарымсыз негізде қаржы бөлінеді, делінген қорытындыда.

Меморандумға 2003-жылдың 1-шілдесінде Брюссельде қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті