Парламент Ұлыбритания үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Ұлыбритания үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Ұлыбритания үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "ҚР үкіметі және Ұлыбритания Біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландия үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалдары жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2007
  • 366
Фото - Caravan.kz

«Бұл келісім екі ел арасында халықаралық автокөлік қатынасымен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ, осындай тасымалдарды бір жақтың аумағында тіркелген көлік құралымен жүзеге асыруға рұқсат берілген тасымалдаушылармен үшінші елдерге жасауды реттейді»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Бұл келісімнің ережелерін пайдалану отандық тасымалдаушылардың халықаралық транспорттық қызметтер нарығындағы бәсекелестік қабілетін көтеруге қолайлы жағдай жасайды. Соның арқасында олардың аталған бағытта жүк тасымалдау үлесін үш еседен артық өсіру межеленген»,- делінген құжатта.

Келісімге 2006-жылдың 26-қарашасында Лондонда қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті