Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі беріледі - Сабильянов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі беріледі - Сабильянов

Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі беріледі - Сабильянов

Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мәлім етт

  • 3 Наурыз 2017
  • 374
Фото - Caravan.kz

Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты Президенттің  кейбір өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке  беріледі. Атап айтатын болсақ, Парламентке Президенттің бүкіл  заң шығару өкілеттігі берілетін болады. Бұл Парламенттің  рөлін күшейтеді», — деді ол қос палатаның бірлескен отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Депутаттың атап өтуінше, Үкіметке экономиканы  басқару, яғни  мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, оның орындалуын қамтамасыз ету қызметі жүктелетін  болады.


«Менің ойымша бұл Үкіметтің халық алындағы, Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырады. Жалпы Парламенттің  бақылау қызметінің кеңеюінің де  әсері үлкен болады. Өйткені, Үкімет Парламентке өзінің шешімдері туралы, негізгі бағыттары туралы баяндап отырады. Сол кезде біз шешімдерді өзгертуге ықпал ете алатын боламыз. Жалпы еліміздің дамуына бұл өзгерістер үлкен әсерін береді», — деді Сабильянов.

 

Соңғы жаңалықтар