Парвиз Назаров қос альбомының тұсауын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парвиз Назаров қос альбомының тұсауын кесті

Парвиз Назаров қос альбомының тұсауын кесті

Әнші Парвиз Назаров араға 4 жыл үзіліс салып бірден қос альбомын жарыққа шығарды. Тұсаукесер рәсіміне құтты болсын айтып келген өнер адамдары көп. Жиналғандар Парвиздің соңғы түсірген бейнеклипін тамашалап, ұтысқа қойылған бағалы сыйлықтарға ие болып қайтты.

  • 8 Қараша 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz


Парвиз Назаров, әнші:

– Жаңа альбомдарымының бірі «Золотые облака», екіншісі «Буду с тобой»деп аталады. Ал 2009 жылы шыққан соңғы альбомымды «Восток» деп атаған болатынмын. 2010 жылдан бері репертуарымда қырыққа жуық ән жиналды. Соның ішіндегі ең таңдаулысын алып, екі альбом шығардым.

Араға бірнеше жыл салып барып тыңдарманын қуантқан Парвиз Назаровтың жаңа бейнеклипін ең алдымен ет жақындары мен өнердегі достары көрді. Парсы тіліндегі әннің жаңа клипі Дубай қаласындағы ауқатты адамның жекежайында түсіріліпті. Өзінің айтуынша, тың дүниенің операторы да, ұйымдатырушы да, аспаптарда ойнаған музыканты мен орындаушысы да бір адам. Сегіз қырлы жігіт кеш қонақтарына аспаптық ансамбль сүйемелдеуімен ән салып берді. Тіпті, тұңғышы да әкесіне қосылып өнер көрсетті. Ал  таяуда қазақстандық рэпер Юнуспен бірге түсірген бейнеклипі телеарналардан көрсетілетін болады.