Павлодар: электр бағандарына қатысты дау атұрғындардың пайдасына шешілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар: электр бағандарына қатысты дау атұрғындардың пайдасына шешілді

Павлодар: электр бағандарына қатысты дау атұрғындардың пайдасына шешілді

Павлодарда тұрғын үйлердің іргесінде тартылып жатқан электр бағандарына қатысты дау ақыры тұрғындардың пайдасына шешілді. Естеріңізге салсақ, осыдан төрт ай бұрын жергілікті әкімдік көп қабатты үйлердің дәл қасынан жоғары кернеулі электр желісін тарту үшін қазынадан 2 миллиард теңге жұмсап, жұмыстың басым бөлігін жасап үлгерген еді.

  • 3 Маусым 2011
  • 335
Фото - Caravan.kz

Алайда өмірлері үшін қауіптенген жұрт шенеуніктердің бұл әрекетін нағыз бассыздық деп, бірнеше рет наразылық шарасын ұйымдастырды. Іске прокуратура өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар араласып, жоғары кернеулі желінің адам өміріне қауіптілігі дәлелденген соң ғана жұмыс тоқталған. Құны 2миллиард теңгелік жобаны мақұлдаған көп шенеуніктің тек екеуі ғана сөгіс алумен шектелді. Енді әкім-қаралар металлконструкцияларды бөлшектеп, электр желісін жер астымен тарту мәселесін қарастыруда. Оған бюджеттен тағы қомақты қаржы керек.


Гүлжәмилә Шәріпова, Павлодар қаласының тұрғыны:

— Қаражатты қайда жіберді, өздері біледі. Әуелде бұны неге әкелді, неге орнатты? Бала-шаға бар, бәріміз мүгедек, ақсақ, соқырмыз. Қаражат мәселесін енді өздері шешер, алғандарына рахмет айтам!

Соңғы жаңалықтар