Тәжікүл Иманова Павлодардағы №4 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Өңірдегі ең қарт кейуананың сайлау учаскесіне келуі комиссия мүшелері үшін күтпеген оқиға болды. «Бәрінен де таңдандыратыны, Тәжікүл апаның бүгінгі күнге дейін еліміздің саяси өміріне белсене атсалысып келе жатқаны. Ол Қазақстанда бірде-бір сайлаудан қалыс қалған емес», — деді комиссия төрағасы Сергей Доброконь.
Павлодардағы ең қарт кейуана көшпелі жәшіктен бас тартып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне сайлаудан қандай жағдайда да қалмайтынын мәлімдеген. Ұлттық көйлек киген кейуана учаскеге келінімен бірге келгенімен, құжаттар мен дауыс беру процедурасының байыбына өз бетімен барып, қағаз бюллетень толтырды.
«Жаратушының маған барлық қазақстандықтар секілді маған да сайлау учаскесіне өз бетіммен келуге мүмкіндік бергеніне, елдің болашағын бағамдауға, өз немерелерім мен шөберелерімді бақытты әрі дені сау өсіп келе жатқанын көруге, соны тілеуге жазғаны үшін ризамын», — деді журналистерге берген сұхбатында Т. Иманова.
Облыстық әкімшіліктің мәліметтерінше, Павлодар облысында жалпы жасы 100-ден асқан бес қария тұрады.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, 16 сағаттағы жағдаймен өңірде дауыс беру құқығын 43% сайлаушы іске асырды. Ең белсенділік танытқаны Қашыр ауданының тұрғындары — 92,7%, Баянауыл — 80%, Лебяжы ауданы — 79% болды. Павлодарда ең аз сайлаушы — 20,96%, Екібастұзда — 45,52%, Ақсуда 45 мың сайлаушының 54,1% дауыс берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті