Павлодар облысында болған екі жол апатынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында болған екі жол апатынан үш адам мерт болды

Павлодар облысында болған екі жол апатынан үш адам мерт болды

Баянауыл-Майқайың жолының бойында жетінші қыркүйек күні «Lexus RX 300» аударылды, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 351
Фото - Caravan.kz


Апат салдарынан көліктің жолаушысы — 1950 жылы туған әйел алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші алған жарақаттардан кейінірек ауруханада көз жұмды. 1980 жылы туған екінші жолаушы жарақаттанды.

Осыған ұқсас жол апаты тоғызыншы қыркүйек күні Қалқаман-Баянауыл жолының бойында да орын алды. 1985 жылы туған «Audi-С4» жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылған. Апат салдарынынан 30 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тексерістер жүргізіліп жатыр.