Атап айтқанда, Баянауыл ауданының Қызылту ауылдық округінде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт дүйсенбі күні кешке шығып, келесі күні таңертең 15 мың гектарда ғана шоғырландырылды. Қазір жалынды ауыздықтауға 36 адам, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері жұмылдырылуда.
Ал Малайсары ауылдық округінде Майский ауылынан 50 шақырым жерде 850 гектар алқаптағы жалын ауыздықталуда. Өрт дүйсенді күні таң ата бере шыққан, ал таңертең ол жойылды. Қазір өртті сөндіруге 58 адам, соның ішінде өрт сөндіру қызметінің 8 қызметкері тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті