Павлодар облысында кеншілердің құлдық жұмысқа жегілгені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында кеншілердің құлдық жұмысқа жегілгені анықталды

Павлодар облысында кеншілердің құлдық жұмысқа жегілгені анықталды

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кәсіпорыны кеншілерінің адам төзгісіз жағдайда еңбек еткені расталды. Бұл «Алпыс» шахтасына тексеру жүргізу барысында анықталып отыр. 

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

Мұнда күнделікті ауысымға келетін жүзге жуық кеншінің жуынатын орны да жоқ болып шықты. Тіпті жер астында шаң жұтып жүрген жұмысшылардың демалып, тамақтануы үшін үзіліс те берілмей келген. 15 тамызда кеншілер осы сияқты жағдайларға және еңбекақысын ала алмай жүргендеріне наразылық білдіріп, үш тәулік бойы жер астынан шықпай қойған еді. Кейін бұл мәселеге шенеуніктер араласып, шахтадағы жұмыс тексеру шараларына байланысты тоқтатылған болатын. Содан кейін ғана жұмысшылар тиісті төлемін алып, кәсіпорынның өзге учаскелеріне ауыстырылды. Ал «Алпыс» кенішіндегі өрескел заң бұзышылықтарға қатысты еш шара қолданылмайды. Оның басшылары жаңадан келгендіктен, шенеуніктер тек ескерту айтумен шектелген.

Данияр Әкежанов, Павлодар облысы еңбек басқармасы бөлімінің басшысы:

-«Алпыс» шахтасында шахтерлердің еңбек құқығына қатысты талаптар сақталмай келген. Олардың жұмыс істеуі үшін құрал-жабдықтар, арнайы киімдер жетіспей келген.