Павлодар облысында өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындар 100-ден аса студентке оқу гранттарын бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындар 100-ден аса студентке оқу гранттарын бөлді

Павлодар облысында өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындар 100-ден аса студентке оқу гранттарын бөлді

Павлодар облысын серпінді дамыту үшін әлеуметтік серіктестік және кәсіби білімді екіжақты оқыту жүйесі басты бағыт болып табылады, деп атап айтылды өңір басшысы Ерлан Арын өткізген мамандарды даярлау жөніндегі облыстық кеңес отырысында, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 433
Фото - Caravan.kz

Облыстық басқарма ақпаратына қарағанда, кәсіби мамандарды даярлау 28,1 мың адам оқитын 50 оқу орны жүзеге асырады. 74 мамандық бойынша екіжаөты оқыту жүйесі ненгізуге 40 өнеркәсіптік, 28 ауыл шаруашылық және облыстың қызмет көрсету саласының 13 кәсіпорны белсенді көмектесуде.

Келісім бойынша, кәсіпорындар 141 грант, 134 атаулы шәкіртақы бөліп, 1539 студентке ақылы түрде кәсіби тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін болды.

Атаулы стипендияның басым бөлігін № 19 мектептің 25 оқушысына Ақсу ферроқорытпа зауыты және Екібастұз колледжінің 10 оқушысына «Алып Көмір» көмір разрезі бөлді.


Облыстың аграрлық кәсіпорындары Қызыл армия аграрлық-техникалық колледжінде мамандар даярлау үшін 60 грант жариялады.