Павлодар облысында өрт шыққан екі қабатты үйден адамдар құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында өрт шыққан екі қабатты үйден адамдар құтқарылды

Павлодар облысында өрт шыққан екі қабатты үйден адамдар құтқарылды

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Қараша 2017
  • 304
Фото - Caravan.kz

Ленин кентінде қос қабатты тұрғын үйдің екі бөлмесінен шыққан өрттен 12 адам құтқарылған. Оның екеуі – балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекшілік бөліміне тілсіз жаудың шыққаны туралы хабарлама сағат түнгі 22.51-де түскен.

Үйдің ішіндегі жиһаздар жанып, қызыл жалын алты шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 23.51-де өрт толығымен сөндірілген.

— Құтқарушылар келгенге дейін пәтерден мас күйінде 42 және 46 жастағы екі ер адам сыртқа шығарылып, медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, — деді департаментте.


Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінен екі звено мен бір техника, № 33 және № 1 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар