Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

Павлодар облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

Тәртіп сақшысы табелдік тапаншасынан атылып өлген. 35 жастағы сержанттың мұндай оқыс қадамға баруына отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін дейді әріптестері.

  • 30 Мамыр 2015
  • 438
Фото - Caravan.kz

Сәуле Мусинова, Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметкері:

-Ол кезекшілікте болды.Үзіліс кезінде қызметкердің өзімен бірге табельді тапаншаны алып кетуіне заң бойынша рұқсат бар. Үйіне жеткен соң сол қаруымен суицидке барған.

Сержанттың нақты кіммен нені бөлісе алмағанын тәртіп сақшылары ашып айтқан жоқ. Сондай-ақ, Павлодарды тағы бір суицид дүр сілкіндірді. 18 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен. Бойжеткен сол жерде жан тапсырыпты. Бұл жолы да баянсыз махаббат себеп болған. Марқұмның өлер алдында жазып кеткен хаты осыған дәлел. Қыршын кеткен қыз «сенсіз өмір сүре алмаймын» деп жазып, жігітпен түскен суретін де қалдырған.