Павлодар облысында төтенше оқиғалар саны арта түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында төтенше оқиғалар саны арта түсті

Павлодар облысында төтенше оқиғалар саны арта түсті

Павлодар облысында төтенше оқиғалар саны арта түсті. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, қазіргі жағдаймен 747 төтенше оқиға тіркеліп отыр. Бұл өткен жылғы осы мерзімнен 30 оқиғаға артық.

  • 30 Шiлде 2003
  • 630
Фото - Caravan.kz

Төтенше оқиғалардан зардап шеккендер саны 17%-ке артты. Өткен 6 жарым айдың ішінде әртүрлі төтенше жағдайлар салдарынан 71 адам қайтыс болды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының жедел әрекет бөлімінің бастығы Игорь Филоновтың айтуынша, адам өліміне апарып соғатын оқыс оқиғалардың басым бөлігін тұрмыстық өрт пен су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзу оқиғалары құрап отыр. Жыл басынан бері төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың залал-зардабын жою жөніндегі облыстық инспекциясы 1805 нысанға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 5009 қайшылық әшкереленді. Қауіпсіздік талаптарын бұзуға байланысты 153 адам жауапкершілік жүктеді. 4 адам қызметінен босатылды.

Биылғы жылы облыста екі мәрте төтенше жағдай жарияланды. Атап айтсақ, сәуір айында Лебяжы ауданындағы Шоқтау ауылында орта мектептің ағаштан тұрғызылған ғимараты өртеніп кетті. Осыдан екі айдан кейін Баянауыл Ұлттық табиғи қорығында аса ірі өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлардың зардабын жоюға облыс әкімінің резервінен 95 млн. теңге бөлінді. Оның 70 млн. теңгесі Жамбыл облысындағы жер сілкінісі салдарынан қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіруге жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым