Жарияланды: 380

Павлодар облысында Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы өзгерді

Бүгін Павлодарда облыс әкімінің өкімімен Марат Сұлтанбекұлы Айдашев Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1971 жылы Павлодар облысында өмірге келген ол 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, ал 2009 жылы «Қайнар» университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған болатын. 1992 жылдан Павлодар қаласындағы «Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде дзюдо күресі бойынша жаттықтырушы - оқытушы, Астана қаласындағы Ұлттық команда және спорттық резерв штаттық дирекциясында дзюдо бойынша команда бастығы болып жұмыс істеді. 2009 жылы облыс әкімінің шақыруымен хоккей клубын құруға келген ол 2010 жылғы қарашадан бастап «Ертіс-Павлодар» спорт клубы» қоғамдық қорының директоры болды. 2011/2012 жылғы маусымда «Ертіс» клубының күміс жүлдегер атануына өз үлесін қосқан спортшы енді бүкіл облыс спортын алға сүйремек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін